Халықаралық сарапшы азаптаудың алдын алу жөніндегі ұлттық механизммен танысты

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасы Адам құқығы жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров пен Қазақстанға Penal reform international (Халықаралық түрме реформасы) халықаралық ұйымының сарапшысы ретінде келген Болгариялық Хельсинки комитетінің басшысы Красимир Каневтің кездесуі өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР Адам құқығы жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметінен хабарлайды.

8 қазанда өткен кездесу барысында, тараптар Қазақстанда азаптаудың алдын алу жөніндегі жоба шеңберінде Орталық Азия аймағында Қазақстан ұлттық құқық қорғау институты мен Penal reform international өкілдігі арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін атап айтты.

Әңгімелесу кезінде уәкіл БҰҰ азаптауға қарсы конвенциясы және оның ұлттық заңнамаға енгізілген факультативті хаттамасын имплементациялау үрдісін түсіндірді. Халықаралық сарапшы Мемлекет басшысы биыл қол қойған тиісті заңға сәйкес жасалған азаптаудың және басқа да қатыгез iс-әрекеттер түрлерiнiң алдын алу жөніндегі ұлттық сақтандыру тетіктеріне байланысты барлық мәселелер бойынша ақпараттандырды.

Тараптар бірлескен жобалар шеңберінде өзара әрекет ету тиімділігін атап айтты және оның әрі қарай жалғасуына мүдделілігін білдірді.

Соңғы жаңалықтар