13:45, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Халықаралық сарапшылар дін мәселесін реттейтін жаңа заң жобасын талқылау барысында Қазақстан заңдары мен Конституция талаптарын ескермепті - маманның пікірі
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -
Халықаралық ұйым сарапшылары дін мәселесін реттейтін жаңа заң жобасын талқылау барысында Қазақстанның қолданыстағы заңдарының нормалары мен Конституция талаптарын ескермеген.
Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына байланысты журналистермен болған кездесуде Халықаралық мәдениет және дін орталығының аға ғылыми қызметкері Махаббат Шахманова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл мәселеге байланысты біз Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының сарапшыларымен екі кездесу өткіздік. Оның барысында біз еуропалық сарaпшылар Қазақстан заңдарының нормалары мен еліміздің басты заңының талаптарын ескермеген
деген ұйғарымға келдік. Осыған байланысты біз еуропалықтардың қорытындыларын қайта қарадық», деді сарапшы.Оның сөзіне қарағанда, екінші кездесуде Еуропадағы қаупсіздік пен ынтымақтастық ұйымының осы мәселеге байланысты баяндамасы жарияланбайды деген келісім жасалған. Өйткені қазақстандық сарапшылардың қорытындыларын халықаралық ұйымының өзге де қызметкерлері талдап саралаулары қажет.