Халықаралық сарапшылар қазақстандық мұғалімдердің жалақысын көтеруді ұсынды

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Жетекші халықаралық ұйымдар, отандық және батыстың жоғары оқу орындарының сарапшылары мен ғалымдарынан құралған топ Назарбаев Университетінде Қазақстанның білім саласына байланысты жүргізілген ауқымды зерттеулердің нәтижесімен таныстырды, деп хабарлады осы оқу орталығының баспасөз қызметінен.
None
None

«2015-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді реформалаудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу» жобасына қатысушылар білім беру саласында соңғы жылдары жүргізілген және ағымдағы реформалардың тиімділігін, соның ішінде, мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби-техникалық және жоғары білім беру саласындағы оң өзгерістерді сарапқа салған. Жоба нәтижесінде алынған мәліметтер бәсекеге қабілетті білім беруді қамтамасыз ету мақсатында жүйені одан ары дамытып, реформалауға қажетті стратегиялық бағыттарды анықтауға көмектеседі.

Мектепке дейінгі білім беру сапасына әсер ететін проблемалар ретінде сарапшылар жалақы мөлшерінің төмендігін, кәсіптің беделсіздігін, жұмыс уақытының ұзақтығын, оқу жоспарының көптігін және әкімшілік тараптан қысым көрсетілетінін, соның салдарынан ұстаздар кәсіби тұрғыда өсе алмайтындығын атап көрсетті.

Ұлттық және халықаралық деңгейде орта білім беруді одан ары дамыту үшін ұлттық стандарттарды, оқу бағдарламаларын, педагогиканы және оқушылар үшін салыстыру, анализ жасау, қолдану, сынау, сараптау, түсіндіру сияқты әлдеқайда күрделі тапсырмаларды қарастыратындай оқулықтарды қайта қарау қажет.

Сарапшылар сонымен қатар, орта білім беруде ауылдық жерлер мен қалада оқитын балалардың білім сапасына көңіл аудару қажет дейді. Білім беру сапасында әлі де ауылдың балалары қаланың оқушыларына қарағанда артта келеді. Білім алуға тең құқық болу үшін инфрақұрылымға инвестиция тарту, оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру және мектептерді бірдей қаржыландыру қажет.

Сонымен қатар, жобаға қатысушылар интернатта өскен балалардың стигматизм, жұмыссыздық және кедейшілікке тап болу қаупі көбірек деген шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар