Халықаралық сараптамалық орталық құрылып жатыр - Білім және ғылым вице-министрі

АЛМАТЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда әлі күнге дейін өндірістік және ғылыми технологияларға талдау жасайтын арнайы сараптамалық орталық жоқ. Оны Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков бүгін Алматыда «Технологияларды коммерцияландыру» жобасын іске қосуға арналған симпозиумда айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемдік тәжірибеге қарасақ, шет мемлекеттерде өндірістік және ғылыми технологиялар арнайы сараптамалық орталықтар мен кеңестердің ұйғарымымен ғана өндіріске енгізіледі. Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі М.Сарыбековтің айтуынша, бұл жұмыс елімізде әлі күнге дейін жасалған жоқ. Ол енді ғана қолға алынып жатыр.

«Ғылымды коммерцияландыру жобасының аясында алғашқы кезекте біз Халықаралық сараптамалық орталық құрмақпыз. Ол гранттық жобаларды қарайтын болады. Орталыққа халықаралық деңгейдегі жетекші 7 маман сарапшы ретінде тартылуда.Бүгінгі симпозиумға олардың алтауы қатысып отыр», дейді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар