Халықаралық спорт журналистері күні жолдастық матч болады

None
None
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионында 2 шілде күні сағат 12:00-де халықаралық спорт журналистері мерекесіне арналған  спорт журналистері мен Қазақстан Республикасы

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі құрамаларының арасында жолдастық матч өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қаламы қаруы болған көсемсөз иелері кәсіби мерекесін символикалық түрде осылайша атап өтпек.

Халықаралық спорт күніне арналған матчтар мен турнирлар өткізу жақсы үрдіске айналған. Спортпен айналысушылар қатарына журналистерді тарту - салауатты өмір салтын насихаттауға жаңа импульс береді.

Мерекені тойлау күні Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі басшылығы ең мықты деген 20 спорт журналисін марапаттайды.

Спорт журналисті күні (World Sports Journalists Day) жыл сайын 2 шілдеде тойланады. 1924 жылы дәл сол күні Парижде шамамен мың жарымдай одақтың басын қосып отырған Халықаралық Спорт Баспасөзі Қауымдастығы (АИПС) құрылды.

«Спорт - жеке адамдарды ғана емес, сонымен қатар, көптеген елдер мен құрлықтарды біріктіруші күш болып қала бермек» - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram