Халықаралық теңіз жобаларының инвесторлары Маңғыстау облысының әлеуетін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысының әкімдігінде мұнай және газ саласына инвестиция тарту мақсатында облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Биби Энерджи»,  «Энерво Энерджи» компаниясының өкілдерімен кездесті. 

Халықаралық теңіз жобаларының инвесторлары Маңғыстау  облысының  әлеуетін талқылады

Бұл туралы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

  Бүгінгі күнде Каспий жағалауындағы елдер өзара ынтымақтастық жүргізіп отыр. Түркия және Маңғыстау облысының тауар айналымы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 25,4 млн АҚШ долларын құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда  2,6 есеге артық.

null  

  Инвесторлармен  ұсынылған жобаның болашағы зор, өйткені «Биби Энерджи» компаниясы Маңғыстау облысының аймағында битумды өңдеумен айналысатын болады. Инвестиция сомасы 120 млн АҚШ доллары. Бұл құрылыс барысында 200 жаңа жұмыс орнын және іске қосылған кезінде 160 орын ашуға мүмкіндік береді. Инвесторларға ұсынылған жер «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан.

null 

  Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Биби Энерджи», «Энерво Энерджи», «Кассанов Инвестмэнт Групп» арасындағы төртжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

null 

  Кездесуде аймақтың инвестициялық әлеуеті таныстырылды. «Биби Энерджи» компаниясы электр энергиясын сату және сауда, логистика салаларында үлкен тәжірибесі бар әлемдік жетекші, тәуелсіз компаниялардың қатарына кіреді. Компания жыл сайын 17 млн метрикалық тонна шикі мұнай және оның өнімдерін сатуда.

null 

- Бүгінгі кездесу біздің ынтымақтастыққа жаңа серпін беретін болады, өйткені біздің аймақ жаңа қызмет саласын және жаңа жобаларды ашуға мүмкіндік береді. Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов облыс әкімдігі кез келген бірлескен бастамаларға және инвестицияны қорғау мәселесінде де қолдау көрсетуге дайын екендігіне сенім білдірді.

null