Халықаралық төрелік орталығы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады - А. Жұмағұлов
«Халықаралық төрелік орталығын құру жоспарлануда. Бұл жүйе сотқа жатпайды, жеке орталық болады. Төрелік дауда негізінен өндіріс ірі инвесторларды тарту үшін, даулар туындаған жағдайда оларды шешудің халықаралық стандарттарын қолдану, нақты істер бойынша шешім қабылдау үшін ағылшын тілінде жүргізіледі. Қазір мұнымен экономикалық сот айналысуда. Бізде инвестициялық даулар аса көп емес. Енді арнайы экономикалық аймақтың құрылуына, сондай-ақ осы заңды қабылдауға байланысты көптеген инвесторлар Қазақстанның экономикалық дамуына қатысатын болады, сол кезде даулар ұлғаюы мүмкін. Орталық Астанада орналасады. Ал қалған кәсіпкерлік дауларды бұрынғыша экономикалық сот қарайтын болады», - деді А. Жұмағұлов.
Еске салсақ, бүгінде Астана экономикалық сотында «Ұлт жоспары: Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша 100 қадам. Заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша институционалдық реформа» тақырыбында дөңгелек үстел өтуде.