Халықаралық ұйымдар Қытайда құс тұмауының қайта өршуіне алаңдаулы
Тұмаудың бұл түрі адам үшін өте қауіпті. Барлық елдердің сарапшылары ветеринарлық бақылау жүйесін күшейту, ауруды анықталған кезде дер кезінде қарсы шараларын қамтамасыз етуді ұсынып отыр.
Төрт жыл бұрын шыққан H7N9 вирусы Қытайда қайта табылды. 2017 жылдың наурыз айының басында А тұмауы (H7N9) жұққандар саны басқа құс тұмауымен (H5N1, H5N6 және т.б.) осы аралыққа дейінгі ауырғандардың жалпы санынан асып кеткен.
«Құс тұмауы вирусының мутациялануын ескерсек, ұлттық ветеринарлық қызметтер адамдарды қорғау үшін өз елдерінде табылған түрлі штамдарға тұрақты бақылау жүргізуі тиіс», - деп мәлім етті Бүкіләлемдік жанруарлар денсаулығын қорғау ұйымы бас директорының орынбасары Мэтью Стоун.
Қытайдың Гуандун провинциясында табылған H7N9 вирусы адамдарға ауыр соғады, сондай-ақ генетикалық тұрғыдан өзгеріп құстарға жұққаннан кейін қырық сегіз сағаттан соң олардың өлуіне әкеліп соқтырады.
ФАО-ның хабарлауынша, Қытаймен көрші елдер, сондай-ақ Қытайдан құс етін сатып алатын елдер қауіп-қатері жоғары аймаққа кіреді.