Халықаралық валюта қорының деректеріне қарағанда заңсыз есірткі айналымының көлемі әлемдік сауданың 10 пайызына тең - саясаттанушы Әлия Балапанова

Ы. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Халықаралық валюта қорының деректеріне қарағанда заңсыз есірткі айналымының көлемі 600 миллиард долларды құрайды. Бұл бүгін Алматыда өткен "Президент Жолдауын жүзеге асыру барсын жариялаудағы ақпараттық жұмыс технологиясының ерекшеліктері" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"Ауған мәселесінің өзектілігін шешу Қазақстан үшін алғашқы кезектегі міндеттердің бірі. ЕҚЫҰ-дағы 56 мемлекеттің 43-і Ауғанстандағы әскери операцияларға немесе ондағы экономиканы қалпына келтіруге қатысуда. Ауғанстан планетағы "отты" нүктелердің бірі саналады. Одан лаңкестік, есірткі саудасы сияқты басқа да қауіптер таралуда. Мәселен БҰҰ-ның деректеріне қарағанда әлемде 114 миллион адам марихуананы, 29 миллион адам стимуляторларды, 14 миллион адам кокаинды, 13,5 миллион адам апиынды, 9 миллион адам героинды қолданады", дейді Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің профессоры, саясаттану ғылымының докторы Әлия Балапанова. Ә. Саққызының айтуынша, Қазақстан әлемнің өзге елдері сияқты Ауғанстандағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің сақталуына шын жүректен мүдделі. Сол себепті күшті алғашқы кезекте гуманитарлық сипаттағы жобаларға шоғырландырмақ.

Соңғы жаңалықтар