Халықаралық валюта қорының директоры Елбасын құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қорының директоры-басқарушысы Кристин Лагард «Астана» ХҚО тұсаукесеріне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Президент мырза, Сізді және әріптестеріңізді, АХҚО басқарушысын орталықтың ашылуымен және Астананң 20 жылдығымен құттықтаймын. АХҚО Қазақстан және өңір үшін барынша терең қаржы нарығын дамыту және инвестиция тарту бойынша тамаша мүмкіндік пен тұғырнама ұсынады», - делінген К.Лагардтың құттықтауында. Құттықтаушы Орталықтың ашылу салтанатында шара жүргізушісі оқып берді.
Сонымен қатар, ол нарық үшін сенімді әрі қолайлы нормативтік база, заманауи инфрақұрылымдар мен қуатты адами капитал АХҚО-ның өңірлік ауқымдағы хабқа айналуына мүмкіндік береді. Дегенмен, оған уақыт керек. Ал сол уақыт аралығында сын-қатерлер де көп болады. Осы бағыттағы дұрыс шешімдер АХҚО-ның қуатты командасы айналдырады деді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасының қатысуымен «Астана» ХҚО-ның ресми ашылуы өтуде.
Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев Астана Тәуелсіздігіміздің, еліміздің береке-бірлігінің, дамуының, дәрежесінің символы, барлық бастамалар мен оң өзгерістердің флагманы екендігін баса айтқан еді.