15:50, 22 Тамыз 2022 | GMT +5
Халықаралық зерттеу: Ақтаудағы екі мектеп үздік деп танылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 2021 жылы Ақтау қаласының мектептері PISA халықаралық зерттеуіне қатысып, нәтижесінде екі мектеп Қазақстанның үздік мектептерінің тізіміне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен жылы Қазақстанда апробациялық зерттеу жүргізілді, оған еліміздің 200 мектебі қатысты. Нәтижесінде Ақтау қаласының мамандандырылған IT-лицейі бірінші орынға ие болып, 9-орта мектеп Қазақстанның үздік мектептерінің тізіміне кірді»- деді Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, PBTS (PISA-Based Test for Schools) – ЭЫДҰ PISA негізінде әзірлеген халықаралық салыстырмалы зерттеу. Дәстүрлі PISA зерттеуінен айырмашылығы PBTS оқушыларға мектеп деңгейінде сыртқы бағалауды жүргізеді.
2022 жылы да Қазақстанда PBTS зерттеуіне республиканың барлық өңірлерінен 1 000-ға жуық мектеп қатыспақ. Биыл да Маңғыстау облысының мектептері білімін сынға салуды жоспарлап отыр.