Халықаралық жастар күніне орай Алматыда қандай іс-шаралар өтеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» Алматыда қандай іс-шаралар өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, Алматыда Халықаралық жастар күнін мерекелеу аясында 18 іс-шара өтеді.

«Оның ішінде NEET санатындағы жастар арасындағы киберспорт чемпионаты, Президенттің «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты бағдарламасы аясында гранттарды тапсыру, ашық аспан астындағы кино кештері, подкаст жазбалары, жастар челлендждері мен қалалық квесттер, зияткерлік квесттер, ашық есік күндері, «Jaz Energy» Fest, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы жастар жөніндегі кеңестің отырысы, сенбіліктер және тағы басқа шаралар өтеді», - деді Әзиз Қажденбек өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Іс-шараларға жастар қозғалыстары, көшбасшылар, қоғам белсенділері, жастар ұйымдары, қала базарларында жұмыс істейтін жастар қатысады.


Соңғы жаңалықтар