Халықаралық жіктеудегі барлық шикізаттық тауарлар Қазақстанның тауарлы-шикізаттық биржасы арқылы саудалануы тиіс - Кәрім Мәсімов
СТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Халықаралық жіктеудегі барлық шикізаттық тауралар Қазақстанның тауарлы-шикізаттық биржасы арқылы саудалануы тиіс.
Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Бұл мәселе «Самұрық-Қазына» қорына да және жалпы Үкімет жұмысындағы барша экономикаға қатысты. Тауарлық биржаларды дамыту мен шикізаттық тауарларды саудалау мәселелері бізде Қазақстанда тиісті деңгейде шешіліп жатқан жоқ»,-деп тоқталған Үкімет басшысы, «менің ойымша, қазір бұл мәселеге білек сыбана кірісу үшін тиімді секілді»,-деді.
«Шикізаттық тауарларды саудалау мен тауарлық биржаларды дамыту бойынша түбегейлі ұсыныс енгізу үшін мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне алдағы аптада Үкіметте осыған байланысты кеңес ұйымдастыруды тапсырамын»,-деді К. Мәсімов.
«Мәселен, Лондон биржасында бағаланатын барлық шикізаттық тауарлар, міндетті түрде Қазақстанның тауарлы-шикізаттық биржалары арқылы сатылуы тиіс»,-деп қадап айтты Үкімет басшысы.