Халықаралық журналистикада елеулі ілгерілеушілік байқалмайды - Валерий Жандәулетов

АЛМАТЫ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Журналистерді дайындаудың әлі нақты бағдарламасы жоқ. ҚР Президенті баспасөз қызметінің Алматы бюросының меңгерушісі Валерий Жандәулетов бүгін «Вес мир» халықаралық газетінің 10 жылдығына арналған баспасөз мәслихатында осылай айтты.

Халықаралық журналистикада елеулі ілгерілеушілік байқалмайды - Валерий Жандәулетов

«Жетекші жоғары оқу орындарымен таныстым. Онда  журналистерді дайындаудың әлі нақты бағдарламасы жоқ. Әр оқытушы өз бағдарламасын жасайды. Сондықтан халықаралық журналистикаға дайындау да мүлде жоқ деуге болады», - дейді В. Жандәулетов. Валерий Айтмұқашұлының айтуынша, халықаралық журналистика елімізде кеңестік дәуірде де  болған жоқ. Ол кезде бәрі мемлекеттік басылым болса, қазір оның үлесі  5 пайыздан да аз. Осыған қарамастан халықаралық журналистиканы дамыту бағытында қазір де елеулі ілгерлеушілік байқалмай отыр.