Халықарылық ғарыш стансасының командирі тұңғыш рет жапондық ғарышкер болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғарышкер Коити Ваката Халықаралық ғарыш стансасын басқару мәртебесі бұйырған тұңғыш жапондық болмақ. Стансаның қазіргі командирі ресейлік Олег Котов құзыретін 9 наурызда тапсырады, деп жазады Жапон ұлттық аэроғарыш агенттігі.

Халықарылық ғарыш стансасының командирі тұңғыш рет жапондық ғарышкер болмақ

50 жастағы Ваката ХҒС-дағы ғарышкерлер ұжымын үш ай басқарып, 14 мамырда жерге қайтады. Ол стансадағы экипаждың қызметін қадағалап, төтенше жағдайлар туындаса, командир ретінде оларды шешуде барлық құзыретке ие болады. Елдің ғарыш саласындағы бағдарламаларды басқаратын Ағарту, спорт, ғылым және технология министрі Хакубун Симомура Токиода өткен баспасөз мәслихатында отандасының мұндай мәртебеге иә болғанын мақтанышпен атап өткен. «Бұл Токионың ғарыш саласындағы зерттеулеріне жаңа серпін береді», - деп атап өтті ол. Айта кетейік, Ваката осы миссиясын орындау үшін ХҒС-на өткен жылдың 7 қарашасында Байқоңырдан ұшқан болатын. Бұл оның ғарышқа 4-ші рет ұшуы және екінші рет ХҒС-да ұзақ уақыт қызмет етуі. Онда Жапонияның «Кибо» («Арман») еп аталатын зерттеу модулі бар.