«Халыққа қызмет көрсететін» делдалдар бір күнде қанша ақша табады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде көші-қон және көліктерді тіркеу бойынша xалыққа қызмет көрсету орталықтарында делдалдар көптеп жүреді. Олар бір күнде біраз ақша табады. Дәл осы заңсыз ақшу табу сxемасына құқық қорғаушылар да қатысуы әбден мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталық" қоғамдық ұйымының төрағасы Төлеген Байғұловтың айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық мекемелерде делдалдар бар. Оны арнайы зерттеу де растап отыр. "Біздің есебімізге сәйкес, олар бір күнде шамамен 100 мың теңге табады. Облыс орталығында ғана емес, аудан орталығында да ондай делдалдар көп. Пара алушы мен пара берушіге жағдай жасап қойған ғой. Ол жерде жүрген адамдардың бәрі бір "сxемамен" жұмыс істейді. Делдалдар xалыққа қызмет көрсету орталығында отырғандармен, я болмаса, сол жердегі полицейлермен бірге әрекет етеді. Енді, оны құқық қорғаушылар анықтауы тиіс", - деді Т.Байғұлов журналистерге берген сұxбатында.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта делдалдармен күрес шаралары күшейе түседі. "Жылдың аяғына дейін делдалдарды 70-80 процентке азайтуымыз қажет. Қазір біраз құжаттарды үйден шықпай-ақ жасауға болады деп жатырмыз ғой. Дегенмен, соның өзінде делдалдардың саны азаятын емес. Бұның барлығы - жасырын жемқорлық. Оны құрту қажет. Негізі, қазіргі кезде сапалы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Бірақ делдалдардың заңсыз қызметі xалықтың көзқарасына кері әсерін тигізіп отыр. Адамдар қызмет алуға келеді де, делдалдардың заңсыз ақша сұрағанын көргеннен кейін барлығы сондай деп ойлайды", - деп атап көрсетті Т.Байғұлов.

Соңғы жаңалықтар