Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзын-сонар кезектің себебі айтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы карантин кезіндегі ұзын-сонар кезекке қатысты мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде коронавирус жағдайына және біздің жұмыс уақытымыздың қысқартылуына байланысты кезек мәселесі өзекті болып тұр. Карантинге байланысты қазір сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін ғана жұмыс істейміз. ХҚКО-ның қызметіне жүгінушілердің саны өте көп, осыған байланысты қызметкерлеріміздің санында арттырдық. Бұған қызметті кезекпен алдын ала брондау арқылы ғана алу мүмкін болды, енді келушілердің саны көп болуына байланысты тікелей келгендерді де қабылдан жатырмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай тұтынушылар өте көп», - деді Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Дәулет Дүйсенбеков.

Бөлім басшысының айтуынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы қазіргі басты мәселе жұмыс уақытының аздығынан үлгермеушілік.

«Бізде онлайн кезекке тұру бойынша да проблема туындады. Бұрын бір адам 10 күнге дейін кезекті алдын ала брондап қоятын. Уақыт өте келе мұның тиімсіздігін байқап, ендігі уақытта бір адам бір күнге ғана кезек брондай алатын қылдық. Ал егер қызметті сол күні алмаса, ертеңгі күнге қайта кезекке тұру керек болады. Осы шарадан кейін халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы бірқалыпқа түсе бастады. Бронсыз қызмет алу мүмкіндігін жасаған соң келушілердің саны да артты. Қазір күніне 1400-1500-ге дейін құжат қабылдаудамыз, ал бұған дейін күніне 600-700 құжат қабылдайтынбыз. Мұның кері әсері де бар. Өйткені біздің қызметкерлеріміз үлгермеуімен қатар ауырып қалыпта жатыр. Осы күнге дейін 35 қызметкер ауруып, қайта жұмысқа қосылды», - деді ол.

Бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан ХҚКО-ның жұмысына қатысты шағымның көптеп түсіп жатқандығын хабарлаған болатынбыз.

Жемқорлықпен күрес органдары мамандандырылған ХҚКО-ны тексереді. Сондай-ақ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы, бірінші вице-министр Бағдат Мусин мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарығады жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілін ұсынды.


Соңғы жаңалықтар