Халыққа қызмет көрсету орталықтарының әкімдіктерге негізсіз берілгені айқындалып отыр - З. Бәлиева

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Халыққа қызмет көрсету орталықтарының әкімдіктерге негізсіз берілгені айқындалып отыр. Бүгін «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне идентификациялық нөмірлер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Зағипа Бәлиева осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары жергілікті атқарушы органдарға берілгеннен бастап, Орталық қызметіне қатысты туындаған мәселенің барлығын жергілікті әкімдіктер шешуге тиіс болатын. Дегенмен, қазіргі таңда ондағы проблемалар барған сайын өршіп отыр. Сонымен бір мезгілде, «Нұр Отан» ХДП жанындағы Қоғамдық кеңес ХҚО-лардың жергілікті атқарушы органға берілгені негізсіз екенін дәлелдеді. Орталықтардың әкімдіктерге берілгені өзін-өзі ақтамайтындығы туралы да қорытынды жасалды. Сондықтан да бұл мәселеге байланысты Үкімет басшысының арнайы комиссиясы құрылды. Ол комиссия маусымның 1-іне дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының болашағы туралы қорытынды жасайтын болады», деді З. Бәлиева.

Депутаттың айтуынша, бұл салада Әділет министрлігі де, жергілікті атқарушы органдар да Халыққа қызмет көрсету орталықтарын ұйымдастыруға қатысты үлкен кемшіліктер жіберген. «Осы екі органның дұрыс жұмыс атқармауының кесірінен халық жапа шегіп отыр. Сондықтан да, алдағы уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жауап беретін қандай орган болмасын, ең алдымен ұйымдастыру шараларын ұқыпты жүргізгені абзал. Олай болмаса, Орталықтағы проблемалар еш шешімін таппасы анық», деді З. Бәлиева.

Соңғы жаңалықтар