13:08, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басқару ісіне қоғамдық ұйымдар араластырылуда
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Әділет министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басқару ісіне бірлескен басқарма кеңесін енгізу жобасын ұсынды. Бастама тәжірибе ретінде елордадағы «Сарыарқа» ауданының №1 ХҚКО-да іске асырыла бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары Бақыт Әбішевтің атап көрсеткеніндей, кеңес мүшелігіне «Нұр Отан» ХДП-ның, Қазақстанның «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының, ЮСАИД-тің Қазақстандағы өкілдері және Еурокомиссия мамандары кіреді. Оның айтуынша, кеңес мүшелеріні дауыс беру арқылы қабылдаған ұйғарымдарын орталық басшыларына орындау міндеттеледі.«Кеңестегілер ХҚКО әкімшілік, басқару тиімділігін арттырып, қызмет түрлерінің орындалуын жақсартуға атсалысады. Кеңес мүшелері ХҚКО-да жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін қадағалап, қызметкерлерді жаңадан жұмысқа алар алдында сынақтан өткізеді», дейді Б.Әбішев.Кеңес алдында тағы бір міндет тұр. Ол ? халықпен жұмыс жасау саласында, оларға қызмет көрсетудің халықаралық тәжірибесін енгізу. Бұл ретте комитет басшылығы ЮСАИД пен Еурокомиссия өкілдіктерінің халықаралық тәжірибесіне сенім артып отыр.