Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері аттестаттаудан өтетін болады

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Алдағы екі ай бойы облыстық, қалалық, аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері аттестаттаудан өтетін болады.
None
None

Кең ауқымды аттестаттау аясында Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығы тексерілетін болады. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұл шара халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін пайдаланатын азаматтарды сапалы сервис және кәсіби қызмет көрсетумен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Аттестация тапсырушылар компьютерлік тестілеуден өтеді. Тест Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен тәртібі туралы сұрақтардан құралған. Сонымен бірге ХҚКО қызметкерлеріне психологиялық тест сұрақтарына жауап беру ұсынылады.

Сөйтіп, тестілеу барысында ХҚКО қызметкерлеріне сұрақтардың әрбір топтамасының белгіленген шектеулі талаптар деңгейінен шығуы қажет. Егер қызметкер азаматтарға көрсетілетін қызмет түрлеріне қатысты қандай құжаттардың қажет екендігі жөнінде білімі жеткіліксіз болса, нормативтік-құқықтық негіздерді білмейтін болса, соның салдарынан қажетті балл минимумынан өтпеген жағдайда, олармен еңбек шарты бұзылады. Керісінше, ең жоғары балл жинаған ХҚКО қызметкерлері автоматты түрде Орталықтың бірыңғай кадр резервіне тіркеледі және олар орталықтың құрылымдық бөлімшелеріндегі вакансиядағы басшы лауазымдарға орналасуға талаптануына болады.

Аттестациялау барысының ашықтығын Мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыруды бақылау және ХҚКО-ның жұмысын үйлестіру комитетінің өкілдері, сонымен бірге «ХҚКО» РМК-ның жер-жердегі қызметкерлері тікелей немесе Ахуалдық орталықтардың мүмкіндіктері арқылы он-лайн режімінде бақылап отырады. Сонымен бірге аттестация өтетін кабинеттерде кәсіподақ өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар тікелей қатысады және аттестациялау процесі бейнетаспаға жазылады.

Соңғы жаңалықтар