Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын халық бағалайтын болды - Әділет вице-министрі

ң 10-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -. Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын енді жергілікті атқарушы органдар бақылайтын болады.
None
None


Бұл туралы бүгін Әділет минстрлігінің ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмыстары жөніндегі алқа мәжілісінде журналистерге сұхбат берген Әділет вице-министрі Дулат Қосдәулетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның  айтуынша, министрліктің жаңа басшысы қазір министрліктің алдына халыққа қызмет көрсету жұмыстарының қызметін барынша жетілдіру міндетін қойып отыр. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары бойынша тиісті қызметтерді Әділет министрлігінің өкілдері көрсетеді. Ал жергілікті атқарушы органдар халықпен етене тығыз байланысты жұмыс істейтін орган болғандықтан, біздің қызметіміздің сапасын қалың көпшілік арқылы солар бағалап отырады. Бұл шара өз кезегінде халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын да арттыруға ықпал етеді деген ойдамын. Біз мүмкіндігінше, өз қызметімізді сапалы атқарып, олардың стандарттарын жетілдіруге көңіл бөлеміз», деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар