Халыққа мобильді орталықтан қызмет көрсету мәселесіне арналған брифинг өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат – Ертең Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру аясында: «Халыққа Мобильдік орталықтан қызмет көрсету» тақырыбында брифинг өтеді.
Шараны министрліктің Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитеті төрағасының орынбасары Ғалия Жолдыбаева өткізеді, деп хабарлады ҚазАқпаратқа ведомствосының баспасөз қызметінен.