Халыққа сыйлық жасауды Қазақстан Президентінен үйрену керек - Савченко

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халыққа сыйлық жасауды Қазақстан Президентінен үйрену керек. Мұндай пікірді бүгін ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының 25-ші сессиясы барысында «ТМД-ның экономикалық дамуы іскерлік орталығы» коммерциялық емес серіктестігінің бас директоры Владимир Савченко білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Осыдан 25 жыл бұрын дәл осы елде, Алматыда Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы шартқа қол қойылған енді. Ал бүгін біз салынғанына не бәрі 19 жыл ғана болған қалада бас қосудамыз. Бұл қала ҚР Президентінің идеясымен және басшылығымен салынды.  Бұл адам қысқа ғана уақыттың ішінде өз мемлекетінің беделін әлемдік биікке көтере алды», - деді ол.

Сонымен қатар ол Біріккен Ұлттар Ұйымы 29 тамызды жыл сайын ядролық қарусыздану  күні ретінде атап өтетіндігін және бұл да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі екендігін баса айтты. Таяуда ғана елімізде ТМД елдерінің зиянды қалдықтарды жою  мәселелеріне арналған сессиясы да өткендігін еске салды.

«Ал бүгін қалаларды басқару бойынша жаңа басқарушылық құрылымдарды құру, халық үшін заманауи жайлы баспаналар салу мәселелерін талқыламақпыз. Біз өзімізге сыйлық жасауда Қазақстан Президентінің халыққа, өзі үшін қымбат республикаға қалай сыйлық жасайтынынан үйренуіміз керек», - деді Владимир Савченко.

Соңғы жаңалықтар