Халыққа тұмауға қарсы екпе жасайтын орындардың тізімі - Астана

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Елордада ақылы түрде екпе алу үшін қалада 15 екпе орны ұйымдастырылған.
None
None

Атап айтқанда, № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8 қалалық емханалар, сондай-ақ, «Open Clinic», «Медикер», «МедЛайн», «Фармаком» ЖШС, «Интертич» СДА, «Медикал Ассистанс Астана», «Le bonne sante», «Архимедес Қазақстан» медицина орталықтары, деп хабарлайды astana.kz Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Екпе алу үшін 1 желтоқсанға дейін жеке куәлікпен жоғарыда аталған кез-келген медицина ұйымының тіркеу бөліміне жүгіну керек. Уақытында екпе алу тұмаудан сақтанудың тиімді шарасы болып табылады. Айта кетейік, екпе алғандар арасында тұмауға шалдығу оқиғалары бірнеше есеге азаяды немесе жеңіл формада өтеді. Екпе алудың басты мақсаты - аурудың асқыну салдарының алдын алу болып табылады. Бұдан басқа, қазіргі вакциналар төмен реактогенді және балалар мен ересектерде тұмаудың алдын алуға бағытталған. Иммунитетті қалыптастыру үшін кем дегенде 14 күн қажет. Қазақстанда 3 вакцина тіркелген - «Ваксигрипп» (Франция), «Инфлювак» (Нидерланды), «Флюарикс» (Германия). Аталған препараттар тиімді және қауіпсіз болып саналады, пандемиялық және маусымдық тұмаудың циркуляциялық штаммдарын ескере отырып жасалған.

Соңғы жаңалықтар