Халыққа жақсы жағдай жасап қою аз, мемлекетке идеология керек - депутат К. Бұрханов

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Халықтың жағдайын жасап қойсаң, олар бейбітшілікте өмір сүре береді деген ұғым қате.
None
None

Мемлекетке идеология керек. Бұл пікірін бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік тарих институтында өткен теориялық-әдістемелік семинар барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов білдірді.

Парламент депутатының айтуынша, идеология - көпшілік бірдей түсіне бермейтін күрделі және бір мезгілде керекті құбылыс. Ол халыққа жақсы өмір сүруге жағдай жасалған, бірақ идеологиядан жұрдай мемлекеттерде бүгін орын алып жатқан ахуалдарды мысалға келтірді. Мәселен, Ливия, Бахрейн, Сауд Арабиясы елдерінде ЖІӨ адам басына шаққанда 19 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстанда ол көрсеткіш 9 мың долларға тең.

«Ливияда адам басына шаққандағы ЖІӨ Қазақстанға қарағанда екі есеге көп, мемлекет жергілікті халыққа көптеген артықшылықтар мен жеңілдіктер беріп келеді. Атап айтқанда, ең арзан не болмаса тегін газ бен жарық соларда. Автомобиль сатып алса, мемлекет оның жартысын өз мойнына алады, ал қалған бөлігіне бірнеше жылға жеңілдетілген несие береді. Ливияның әрбір жас отбасына аяққа тұрып кету үшін мемлекет 60 мың АҚШ долларын бөледі. Басқа не керек деп ойлайсың? Бірақ бір жерде олқылық бар деген сөз. Негізінде Ливия өзінің идеологиясын Кеңестік одақ ыдырағаннан кейін жоғалтып алды. Халықтың жағдайын жасап қойсаң, олар бейбітшілікте өмір сүре береді деген ұғым қате. Оны Ливия мен Бахрейн көрсетті. Мемлекетке идеология керек», - деді ол.

Сондай-ақ депутат атап көрсеткендей, Қазақстан халқы құрғақ идеологиямен ғана өмір сүріп отырған жоқ. ЖІӨ-нің адам басына шаққандағы 9 мың АҚШ доллар көрсеткіші жас мемлекет үшін үлкен жетістік. Қазақстан Болгария мен Румыниядан озып, Польшаның көрсеткішіне жақындады. «Яғни біз Шығыс Еуропа елдерімен теңесудің бел ортасына жеттік. Кішігірім елдерді біз әлдеқашан артта қалдырдық. Ал көрші Қырғызстан мен Өзбекстанды өзімізбен салыстырмаймыз да. Біз Шығыс Еуропамен «ойыншымыз», - деді К.Бұрханов.

Парламент өкілінің сөзіне қарағанда, идеология бірнеше құрамнан тұрады. Ол ең алдымен - теориялық идеология. «Шенеуніктер идеология бойынша теориялық еңбектер жаза алмайды. Оның теориялық базасын ғылыми элита жасауы керек. Ал шенеуніктер оны жүзеге асыру үшін жобалар мен бағдарламалар жасайды», - деп нақтылады ол.

Семинарға қатысушылардың әңгімелері жалпы «қазақстандық қоғамды топтастыру, оны қамтамасыз ету жолдары мен механизмдерін іздеу» тақырыбы айналасында өрбіді. Өз пікірін ортаға салған Мемлекет тарихы институтының директоры Аяған Бүркітбай, бүгінгі күні Солтүстік Африкада, Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде болпы жатқан ахуалдар, Қазақстан қоғамына одан сайын біріге түсу, топтаса түсу қажеттігін көрсетті. Оның ойынша, Қазақстан президентін кезектен тыс сайлауда қазақстандықтар елде мығым ауызбірлік пен жоғары ынтымақ бар екендігін тағы бір дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум