Халықпен тікелей желі арқылы тілдесетін ҚР Президентіне алғашқы сауал келіп түсті

АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қарашаның 13-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы қазақстандықтардың сауалдарына жауап беруіне байланысты  елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында орналасқан Байланыс орталығына алғашқы сауал түсті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласынан хабарласқан ардагерлер кеңесінің төрайымы Майра Рахметулина өзі тұрып жатқан 2 шағын ауданы 37 үйді «Жол картасы» аясында абаттандыруға бөлінген 2 млн. 311 мың 857 теңгенің мақсатсыз жұмсалғандығы туралы мәлім етіп отыр. Оның айтуынша, аталған тұрғын үйдің ауласы сын көтермейді - жолы жөнделмеген, тротуары мен жарығы жоқ. «Біздің бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ. Қала әкімі Ахметжан Есімов бұл мәселеге атүсті қарап отыр. Сондықтан осы мәселені Президент білсе екен дейміз»,-дейді М.Рахметулина.

Айта кетейік, Президенттің халықпен тікелей желі арқылы тілдесуіне дейін 14 күн қалды. Дәл осы уақытқа дейін Байланыс орталығына 5 сұрақ келіп түсті.

Соңғы жаңалықтар