Халықты «айыппұл» деген сөз қорқытқан шығар - Абаев уақытша тіркеу туралы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дəурен Абаевтың айтуынша, уақытша тіркеуге қатысты халық арасындағы ажиотаж «айыппұл» деген сөзбен байланысты болуы мүмкін. 

Халықты «айыппұл» деген сөз қорқытқан шығар - Абаев уақытша тіркеу туралы

Министрдің айтуынша, тиісті заң əзірленген кезде жəне оны қабылдар кезде, ақпараттық хабарландыру болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заң талқыланған кездегі жəне қабылданған кездегі ақпараттық жұмыстарға тоқталсақ, біз ІІМ, үкіметтік емес ұйымдарды қоса алғанда, керек алаңның бəрін жасадық. Сіздерге сол шаралардың стенограммасын да ұсына аламын»,-деді Д.Абаев.

Бұл ретте Ақпарат министрі халық арасында ақпараттың  аздығы емес, «айыппұл» деген сөз ажиотаж тудыруы мүмкін деген ойын айтты.

«Халық арасында дүрбелең туғаны басқа сұрақ. Бəлкім, халық «айыппұл» деген сөзге көп назар салған шығар. Бұны мойындау керек. Бəлкім, халық көршісінің «полиция келіп, айыппұл салып кетті» деген сөзіне көп сенетін шығар»,-дейді Д.Абаев.