13:05, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
Халықты төтенше жағдайлар бойынша хабардар етуді ұялы байланыс операторлары іске асырады
АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР ТЖМ халықты төтенше жағдайлар бойынша хабардар етуді ұялы байланыс операторлары іске асырмақ.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін аталған ведомствоның басшысы Владимир Божко мәлім етті.
«Кезінде ұялы байланыс операторларына жиілік бөлуге тендерлер өткізілген кезде олар өз кезегінде төтенше жағдайлар жөнінде халықты хабардар ету мүмкіндігін ұсынады деген мәселе қаралған болатын», - деп нақтылап өтті министр.
Оның айтуынша, бүгінде ұялы байланыс компанияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізілгенін айтып өтті. Бұл тұрғыда байланыс операторларымен 100 пайыз түсіністік орнатылған.
Мәселен, қазіргі кезде енді халықты қашан және қандай қалыпта құлағдар етудің жағдайларын анықтайтын бұйрық әзірленіп жатқан көрінеді.
«Біз бұл мәселені сейсмология институтымен қатар қарастырып жатырмыз», - деді ведомство басшысы.