Халықты жұмыспен қамту орталығы 8 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері 5 188 адам Халықты жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындарын іздеп келген. Олардың 58 пайызы жұмыссыздықтан қорғау шараларымен қамтылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Халықты жұмыспен қамту орталығы 8 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынуда

Атап айтқанда, 1874 адам жұмысқа орналастырылған, оның ішінде 107-сі әлеуметтік жұмыс орындарына, 313 адам жастар практикасына жіберілді. Тағы 1028 адам уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі таңда Астана қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына 1 023 жұмыс беруші 8 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынуда.