Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Халықтық дипломатия: ҚХА делегациясы Бейжіңде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжановтың басшылығымен ҚХА делегацияның ҚХР қоғамдық-саяси орта өкілдерімен кездесуі өтті.

Халықтық дипломатия: ҚХА делегациясы Бейжіңде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қазақстандықтар Қытай орталық ұлттар университетіне, шет елдермен Қытай халықтық достық қоғамына, сондай-ақ ҚХР мемлекеттік ұлт істері комитетіне барды.

Көрсетілген мекемелердің басшылығымен келіссөз барысында ҚХА делегаттары ҚР бірлігі мен ұлтаралық келісімінің үлгісі, құрылымы, мақсаты міндеті мен Ассамблея қызметі жайлы сөз етті, сондай-ақ қытайлық достарға естелік сувенирлер, ҚХА жылына арналып шығарылған кітаптар табыс етті.

Тараптар екі ел халықтары арасындағы достастық қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ толеранттылық, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау бойынша тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты.

Қазақстандық делегация құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары Зухра Саяпова, Надежда Настерова, «Дұңған этномәдени орталықтар қауымдастығы» АА басқармасының мүшесі Шәкір Хахазов, «Қазақстан республикалық ұйғыр мәдени орталығы» АА төрағасы Шаймардан Нұрұмов, ҚХА Алматы облысы бойынша хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, ҚР ПӘ ҚХА хатшылығының инспекторы Еділ Оспан, ҚР СІМ сыртқы саяси талдау және болжау департаментінің кеңесшісі Аида Ермекқалиева кірді.

ҚХА делегаттарын ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев ертіп жүрді.