«Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша республикалық-ақпараттық акция өтеді
АСТАНА. 6 маусым. ҚазАқпарат - Ертең, 7 маусымда сағат 11.00-де Тәуелсіздік сарайында (Баспасөз орталығы, 1-қабат) Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Халықтық IPO» бағдарламасын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық
акциясын іске қосу шарасы өтеді.
Шара Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 19 сессиясындағы «Халықтық IPO» бағдарламасын түсіндіруге Ассамблеяның белсенді қатысуы туралы тапсырмасын орындау аясында өткізілуде.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру кампаниясы жоспарына қол қойылады.
Баяндамашылар қатарында - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Хатшылық меңгерушісі
Ералы Тоғжанов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев, ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Абай Ескендіров, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан кәрістері қауымдастығының төрағасы Роман Ким, «НефтеГаз-Дем» зейнетақы жинақтау қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, ҚХА-мен бірлескен «Қазақстан азаматтарының қаржылық мәдениеті» атты жобаның үйлестірушісі Лариса Құсайынова және т.б. бар.
Шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚХА құрылымдары мен әріптестері, облыстар, Астана және Алматы қалалары, ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері, этномәдени бірлестіктер, БАҚ қатысады.
Қол қою салтанатынан кейін «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша оның мүмкіндіктерін, іске асыру және азаматтардың қатысу механизмін таныстыруға арналған арнайы оқыту семинар-тренингі өтеді.