«Халықтық IPO» Бағдарламасын іске асырудың негізгі мәселелерін түсіндіру бойынша оқыту медиа-семинары өтеді

АСТАНА. 22  маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстандық Баспасөз клубымен бірлесе отырып «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының еншілес және оған байланысты

«Халықтық IPO» Бағдарламасын іске асырудың негізгі мәселелерін түсіндіру бойынша оқыту медиа-семинары өтеді

компаниялардың акция пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару» мемлекеттік бағдарламасының аясында («Халықтық IPO» бағдарламасы) «Халықтық IPO» Бағдарламасын іске асырудың негізгі мәселелерін түсіндіру бойынша арнайы оқыту медиа-семинарын өткізуде.  

Бағдарламаның басты мақсаттары - Қазақстан тұрғындарына өздерінің ұзақмерзімді жинақтауларын инвестициялау үшін ірі компаниялардың акцияларын иелену мүмкіндігін беру және Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығы үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Семинардың мақсаты - журналистердің Халықтық ІРО Бағдарламасын жариялаудағы кәсіби деңгейлерін, эмитент-компаниялардың және жалпы алғанда қор нарығының рөлін көтеру.

Семинарға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, Қазақстандық қор биржасы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және тағы басқалар қатысады.