Халықтық IPO бағдарламасына қатысу үшін банктен кредит алудың еш қажеті жоқ - Григорий Марченко
АЛМАТЫ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Ұзақ мерзімдік келешекте акциялар облигациялар мен банк депозитіне қарағанда жоғары кіріс әкеле алады. Оны Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда он-лайн конференцияда айтты.
«Егер адам банкке ақша салса не облигация сатып алса, банк белгілі бір кезеңде негізгі сумма мен депозитке сыйақы алады. Халық депозитін кепілдендіру қоры бар. Облигацияда кепілдік жоқ, оған жыл сайын сыйақы төленеді. Ал акцияда номиналдау жоқ. Тәуекел де жоғары. Онда көп кіріс табу мүмкіндігімен қатар ұтылу қаупі де бар», - дейді Г.Марченко. Г.Александровичтің айтуынша, 1 миллионға сатып алған акция 3 жылда 600 мың боп қалуы не 2 миллион теңге болуы да мүмкін. Акциялар нарығы құбылмалы. Бірде өсіп, бірде төмендейді. 10-15 жылдық мерзімде кіріс жоғары облигация мен депозиттен. Сондықтан халықтық ІРО бағдарламасына күнделікті мұқтаждығынан артық ақшасы бар адамдар ғана қатысуы керек. Егер ақшасы күнделікті қажеттіліктен артылмайтын болса, банктен несие алудың еш қажеті жоқ. Ол дұрыс шешім емес.