«Халықтық ІРО» бағдарламасы орта санаттағы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға негізделген
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандағы «Халықтық ІРО» бағдарламасы орта санаттағы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға негізделіп отыр. Бұл туралы бүгін 5-ші Астана экономикалық форумы аясындағы сессиядан кейінгі брифингте ҚР Үкімет басшысының кеңесшісі Марсия Фавале айтты.
«Аталған бағдарламаға тоқталатын болсақ, «Халықтық ІРО» ел азаматтарының әл-ауқаты мен орта санаттағы адамдар санын арттыруға, жеке инвестициялау мәдениетін көтеруге және экономиканы әртараптандыру жағдайын арттыруға арналып отыр. Егер де Үкімет бұл тұрғыда тек қана табыс жасағысы келсе, онда қор нарығына бет бұрар еді, оның ішінде шетелдік нарықтарды ескерер еді. Алайда, Үкімет ішкі нарықты дамытқысы келеді, яғни Қазақстан халқын осы үдеріске қатысу мүмкіндігін жасап отыр», - деді ол.
М. Фаваленің айтуынша, бағдарлама бірінші кезекте қарапайым халықтың пайдасына бағытталды.
«Егер де азаматтар акция алуға ниетті болмаса да, бұл бағдарламаға зейнетақылық қорлар арқылу қатысуға мүмкіндік бар. Атап айтқанда бұл қорлар акцияларды алып, дивиденттерді өсіріп, азаматтардың зейнетақылық жинағын арттыруға жағдай жасай алады», - деді ол.