«Халықтық ІРО» бағдарламасына деген ықылас артуда - «Самұрық-Қазына»

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Халықтық ІРО» бағдарламасын таныстыруға бағытталған ақпараттық-ағартушылық науқан оң нәтиже бере бастады,

«Халықтық ІРО» бағдарламасына деген ықылас артуда - «Самұрық-Қазына»

 деп хабарлайды pm.kz сайты «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақпараттық науқанның нәтижелері жоқ емес. Сall-орталыққа шалынатын қоңыраулардың, бағдарлама веб-сайтына кірушілер мен Facebook және Twitter әлеуметтік желілеріндегі парақшаларға жазылушылар санының күн санап артуы осының айғағы",- делінген қор хабарламасында.

Ақпараттық науқан 9 сәуірден басталды, оған қоса тәулік бойы және қазақ-орыс тілдерінде жұмыс істейтін тегін сall-center ашылды, бағдарламаның www.halyk-ipo.kz веб-сайты қызмет етуде.

Бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде де белсенді жұмыстар жүргізілуде - аудио- және видеобаяндар көрсетіліп, ақпараттық және жарнамалық модульдер жариялануда, салалық теле- және радиохабарлар көрсетілуде.

Сондай-ақ оқу-әдістемелік және таныстыру материалдарын қамтитын ағартушылық бағдарламасы жасалып отыр. Өңірлердегі халықты қор нарығымен таныстыру үшін 660 адамнан тұратын пул жасақталған. Олар еліміздің барлық өңірлеріндегі еңбек ұжымдарында, оның ішінде ауылдық жерлерде де дәрістер өткізуде.

«Халықтық ІРО» бағдарламасы 2012-2015 жылдың аралығында үш кезеңде жүзеге асырылады. Акциялары сатылымға шығарылатын мемлекеттік компаниялар үш кезеңге жіктеліп отыр: 2012 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акциялары жайғастырылса, 2013 жылы - «KEGOC», «Эйр Астана», «ҚазТрансГаз», «Самұрық-Энерго», «Қазтасымалтеңізфлот» компанияларының, ал 2014 жылы - «Қазақстан темір жолы», «Қазтеміртранс» және 2015 жылы - «Қазатомөнеркәсіп», «КазМұнайГаз» компанияларының акциялары жайғастырылады.