18:31, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
«Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңі биылғы жылдың ІІ тоқсанында басталады
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - «Халықтық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңі биылғы жылдың ІІ тоқсанында «KEGOC» АҚ акцияларын жүзеге асырумен басталады.

Ал ІҮ тоқсанда «ҚазТрансГаз» АҚ акцияларын саудаға шығару көзделген.
Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл тізімге «Самұрық-Энерго» АҚ да қосылуы мүмкін.
«ҚР электр энергетикасы саласын дамыту Тұжырымдамасын әзірлеу және 2015 жылдан кейін өндіру стансалары мен тарату желілерінің тарифтік реттеуі бойынша тәсілдерді анықтауға бағытталған іс-шараларды өткізу жұмыстары аяқталған соң «Самұрық-Энерго» да «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуы мүмкін», - деді ол.
«Халықтық ІРО» бағдарламасының ІІ эшелон компаниялары туралы толық ақпаратты www.halyk-ipo.kz сайтынан алуға болады.