Халықтың 71,3 пайызы Елбасы Жолдауынан хабардар - «Нұр Отан» партиясы

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып отыр. Орталық қызметкерлерінің демалыс күндері өткізген блиц-сұрауының нәтижесі бойынша халықтың 71,3 пайызы Елбасы Жолдауынан хабардар екенін көрсетіп отыр. Ендігі біздің мақсат - Елбасы Жолдауының мазмұнын халыққа кеңінен түсіндіру. Осы ретте бізге халықтың әлеуметтік көңіл-күйін білудің маңызы аса зор», - дейді Юлия Кучинская.
Сауалнамаға қатысушылардың пікірі бойынша, соңғы үш айдың ішінде қазақстандықтардың өмірінде жағымсыз оқиғалардан гөрі, жағымды оқиғалар 5,2 пайызға артқан. Бұл қоғамдық көңіл-күйдің жалпы көрінісінен хабар береді. Сауалнама республика аумағы бойынша 1 600 респондент пен демократиялық күштер коалициясының сарапшылары арасында өткен.
«Өткен жылдың соңғы тоқсанында тұрғындардың көңіл-күйіне ең көп әсер қалдырған, ол елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалының белгілі бір жағдайда жақсаруы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің сәтті өткізілу атмосферасы, Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні мерекелерінің аталып өтуі, сонымен бірге, Қазақстанның тиімді әрі векторлы сыртқы саясаты», - дейді Юлия Кучинская.
Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 10 қаңтар күні «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы жарияланған болатын. Президент өз Жолдауында ел алдындағы 10 міндетті атаған еді.