Халықтың әл-ауқаты бұрынғыдан көп жоғары - сенатор С.Ақылбай

ТАНА. 31 тамыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Елбасы мен «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдай отырып, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға үлес қосамыз»,

Халықтың әл-ауқаты бұрынғыдан көп жоғары - сенатор С.Ақылбай

деді бүгін Парламент Сенатының жаңадан сайланған депутаты Серік Ақылбай Орталық сайлау комиссиясының отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында.

«Халықтың сенімінен шығу үшін үлкен еңбек етуіміз керек. Соның барлығын сезініп, сайлау алдында біршама қобалжығанымыз рас. Бірақ біздің ұзақ жылдық тәжірибеміз бар. Жалпы мен Елбасы мен «Нұр Отан» партиясын қолдаймын. Өйткені осы партия арқылы сайлауға түстім. Сондықтан осы партия мен Мемлекет басшысының саясаты қолдай отырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға үлес қоса отырып, тиісті заңдар қабылдаймыз деген ойдамын»,-деді депутат.

Оның сөзіне қарағанда, Парламентте заңдар арнайы бағдарламаға сәйкес қабылдануда. «Жалпы қаралғалы тұрған заңдардың көпшілігі біздің экономикамызға байланысты. Сот жүйесін өзгертуге қатысты біршама келеңсіз жағдайлардың болғаны мәлім. бірқатар заңдар қазір осы мәселеге байланысты да қабылданып жатыр»,-деді сенатор.

Оның пікірінше, бүгінде халықты соның ішінде, әсіресе, ауыл халқын кіші бизнестегі қаржылай көмектердің тиісті жеріне жетпей жатқандығы қатты толғандырады. «Оны біз тиісті орган басшыларына жеткіземіз. Ауылда басқа да әлеуметтік мәселелер бар. Сондықтан сенаторлар атқаратын шаралар өте ауқымдып. Дегенмен біздің байқағанымыз, халықтың әл-ауқаты бұрынғыдан көп жоғары және көңіл-күйлері де жақсы»,-деді С.Ақылбай.