«Халықтың бюджетке қатысуы» жобасының іске асуы тұрғындарға байланысты – Ерболат Досаев
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасы алматылықтарға қалада өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімінің Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында қала тұрғыны «Грандпарк» тұрғын үй кешенінің 8 және 9 блоктары арасында үлкен бос кеңістік бар екенін, сонда спорт алаңын салуға болатынын сұрады.
«Халықтың бюджетке қатысуы» жобасының іске асуы әкімдікке байланысты» деген сөздің барлығы бос сөз. Шын мәнінде көп нәрсе сіздерге, яғни, тұрғындарға байланысты. Меніңше, қазір бұл жоба жайлы көп адам біледі. Өтінемін, сіздер жиналыңыздар, ол жерге не салғыларыңыз келетіні туралы өтініш жазыңыздар. Мен сіздерден белсенділік танытып, жобаға келесі жылы қатысуды сұраймын. Әуезов ауданының әкімдігі қаржы бөліп, жобаны дайындап, оны іске асырады» – деді Ерболат Досаев.