Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Халықтың құқықтық сауатсыздығы алаяқтықтың артуына сеп болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының Ішкі істер департаментінде «Азаматтарға қатысты жасалатын алаяқтыққа қарсы әрекет ету бойынша алдын алу жұмыстары» тақырыбында семинар-кеңес өтті, деп жазады astana.gov.kz.

Халықтың құқықтық сауатсыздығы алаяқтықтың артуына сеп болады

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп жағдайда алаяқтық жылжымайтын мүлік, көлік немесе жер телімін сатып алу кезінде орын алады. Жыл басынан бері қалада 3 000 астам алаяқтық фактісі тіркелген. 500-ден астам қылмыстық іс өндіріске алынып, сотқа жолданды. Алаяқтыққа қарсы тұру - ішкі істер органдарының басты міндеттерінің бірі. Заңға қайшы әрекеттердің артуына халықтың құқықтық сауатсыздығы сеп болады.