20:19, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Астана, Алматы қалаларында және ШҚО-да белгіленді
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қыркүйекте халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 55292 теңгені құрап, 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,7%-ға артты. Нақты ақшалай табыстар 2,2%-ға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланды.

2013 жылғы қыркүйекте орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,1 - 1,7 есеге артық. 2013 жылғы қыркүйекте табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 63,3%-дан 79,9%-ға дейін құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Астана, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында белгіленді. 2013 жылғы қыркүйекте өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,3 есені құрады (2012 жылғы қыркүйекте - 3,3 есе).