Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы 60 178 теңгені құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы наурызда халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы, алдын ала берілген деректер бойынша, 60 178 теңгені құрап, 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,4%-ға артты. Нақты ақшалай табыс 3 %-ға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.
2014 жылғы наурызда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыс көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы, Астана қалалары және Маңғыстау облысы алдыңғы қатарда. Мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,2 - 1,7 есеге артық.
Биылғы наурызда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді. Осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейдің 60,8-ден 79 пайызға дейінгі мөлшерін құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табысының ең көп өсу қарқыны Атырау және Алматы облыстарында белгіленді.
2014 жылғы наурызда өңірлер бойынша ақшалай табыстың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,6 есені құрады (2013 жылғы наурызда - 3,3 есе).