Халықтың өткен жылғы атаулы ақшалай табысы қанша

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 76575 теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 13,7 пайызға өсті. Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Ведомство мәліметінше, аталған кезеңдегі тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағалар 14,6 пайызға қымбаттап, халықтың нақты ақшалай табыстары алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға төмендеді.

«2016 жылы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының мөлшері бойынша жоғары мән Атырау облысында байқалды. Онда бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге артты. Табысы ең төмен өңірлер ретінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары белгіленді. Аталған өңірлердегі халықтың табыс мөлшері орташа республикалық деңгейдің 56-63 пайызды құрайды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар 2016 жылы өңірлер бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарының ең жоғарғы және ең төменгі шамасы арасындағы айырмашылық 3,3 есені құрады.

Соңғы жаңалықтар