Халықтың психикалық денсаулығын сақтау үшін қандай шаралар қолға алынған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі психикалық денсаулықты қорғау қызметін дамыту бойынша кешенді шараларды іске асырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бүгінде елімізде психикалық денсаулығында ақау бар адамдарға стационарлық деңгейдегі 17 психикалық денсаулық орталығы, қалалық емханалар құрылымындағы 86 бастапқы психикалық денсаулық орталығы, орталық аудандық ауруханалар жанындағы 204 психикалық денсаулық кабинеті медициналық-әлеуметтік көмек көрсетеді.

Бұл ретте психиатр-нарколог дәрігерлерде, оның ішінде алкоголь мен есірткіні пайдалану салдарынан динамикалық бақылауда тұрған пациенттер үшін медициналық-әлеуметтік оңалту (МӘО) дамып келеді.

Айта кететін жайт, медициналық-әлеуметтік оңалту - бұл жұмысқа тарту, отбасылық және қоғамдық өмірге енгізу үшін медициналық, әлеуметтік және еңбек іс-шараларын пайдалана отырып, денсаулықты қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені.

Пациенттерді оңалту жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүргізіледі, оны дәрігерлер мен психикалық денсаулық саласындағы басқа да мамандар әзірлейді және жүргізеді және психоқұрылымды, психотерапияны, психологиялық түзетуді, сауықтыру және спорт сабақтарын, орта терапиясын, еңбекті, тренингтерді, абилитацияны, эрготерапияны және т. б. қамтиды.

Ел бойынша науқастарға МӘО көрсету үшін 11 оңалту бөлімшесінде 609 оңалту төсегі жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар