Халықтың сайлау өткізу туралы шешім қабылдауы өте орынды - Таяу Шығыс институтының аға ғылыми қызметкері Алекс Ватанка
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның айналасын алып қараңыз. Ресейде, Украинада, бергі Таяу Шығыста не болып жатқанын көріп отырмыз. Бұған қоса, әлемде мұнай бағасы құлдырап, мемлекеттердің қазынасына айтарлықтай залалын тигізуде, -деп ой бөліседі Таяу Шығыс институтының аға ғылыми қызметкері (Вашингтон, АҚШ) Алекс Ватанка «Егемен Қазақстан» газетінде.
«Бұл орайда Қазақстан экономикасы 24 жыл бойы тек табысты өсімге қол жеткізіп келеді. Және саяси тұрақтылық сақталған. Демек, мұндай қысылтаяң кезеңде ел халқының сайлау өткізу туралы дереу шешім қабылдап, бастама көтере білуін өте орынды деп санаймын».