Халықтың шағымынан кейін жабылайын деп жатқан Белоусовка кенішіне тексеру жүргізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысыны Глубокое ауданындағы Белоусовка кенішінің жабылуына қатысты тұрғындар шағымынан соң тексеру жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: alash.online

Аудан тұрғындары кеніштің жабылуына қатысты наразылық білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жолдаған.

Олардың айтуынша, соның салдарынан 400-ге жуық адам жұмыссыз қалады.

Кеншілер геологиялық барлау жүргізілгенін, әлі де онда қор бар екендігін айтқан еді.

Ал кенішті табиғатқа залал келтірмейтіндей қылып жабуды «BM Mining» ЖШС өз міндетіне алмақ.

ШҚО экология департаментінің мәліметінше, осыған орай өткен қоғамдық тыңдауда «BM Mining» ЖШС «Белоусовка кен орнында тау-кен жұмыстарын жүргізу салдарын жою» жобасын таныстырды.

«Компания өкілдері жобаны әзірлеу барысында халықтың қауіпсіздігі, оның ішінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қарастырылғанын жеткізген. Алайда халық кеніштің мерзімінен бұрын жабылатындығына қарсылық танытты. Экологтар тексеру жүргізіп, бұл жобаға теріс баға берді. Себебі кен қазбаларын жоюдың балама нұсқаларының жоқтығы, шлам қалдықтарының көлемінің ұлғаюы және шахта суын тазарту дәрежесінің жобалық көрсеткіштерінің жоқтығы анықталды», - делінген ақпаратта.

Осыған орай енді алдағы уақытта қоғамдық тыңдау қайтадан өткізілмек.


Соңғы жаңалықтар