Халықтың табысы төмендесе де, тұтынушылық сұраныс азаймай тұр – Пірматов

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қаңтар айында негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 18,3%-ға дейін өскен. Бұл жайында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлеме жөнінде өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Биылғы қаңтарда Қазақстанда нақты жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны өткен жылғы төмен база себебінен 5,6% болды. Тауар өндірісі 2,3%, қызмет көрсету саласы 7,6% өсті. Барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалуда. Ең жақсы көрсеткіштер сауда (+ 19,4%), ақпарат пен байланыс (+ 18,1%), сондай-ақ құрылыс (+ 12,5%) саласында орын алды.

Инфляцияның айтарлықтай өсуіне және халықтың нақты табысының төмендеуіне қарамастан, тұтынушылық сұраныс әлі де оң қалпында қалып отыр. Тұтынушылық кредиттеудің өсуіне, жоғары инфляциялық күтулерге орай азық-түлікке жатпайтын тауарлар саудасының өсуі сақталуда. Бұл азық-түлікке жатпайтын импорттың артуына әкеледі», м- деді Ұлттық банк басшысы.

Оның мәліметі бойынша, қаңтар айында негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 18,3%-ға дейін өсіп отыр.

«Атап айтқанда, өнеркәсіпке қаражат салу көлемі 9,2%, ауыл шаруашылығында – 33,7%, жылжымайтын мүлік операцияларында – 33,7%, көлік пен қоймада сақтау саласында – 31,8% өсті», - деді Ғалымжан Пірматов

Айта кетейік, Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар