ХАМАС Газа секторындағы қозғалыс басшысының қаза тапқанын растады
АСТАНА. KAZINFORM — ХАМАС ұйымының өкілдері Газа секторындағы басшысы Мұхаммед Синвардың және әскери қанаттың баспасөз хатшысы Абу Убайданың қаза тапқанын растады деп жазады DW.
ХАМАС қозғалысының өкілдері Газа секторындағы ұйым жетекшісі Мұхаммед Синвардың (бұл қызметті өткен жылдың қазан айынан бері атқарған) және әскери қанаттың баспасөз хатшысы Абу Убайданың қаза болғанын растады. Бұл туралы кеше Reuters агенттігі хабарлады.
ХАМАС мәліметінше, бұған дейін де қаза тапқан қозғалыс басшысы Яхья Синвардың туған інісі Мұхаммед Синвар мен Абу Убайда 2025 жылдың басында Газа секторында көз жұмған. Израиль тарапы Мұхаммед Синвардың өлтірілгені туралы мамыр айында, ал Абу Убайданың қаза тапқаны жөнінде тамыз айының соңында мәлімдеген еді.
Мұхаммед Синвардың денесі Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласында орналасқан туннельдердің бірінен табылған. Сол кезде онымен бірге оның он көмекшісінің мәйіті де анықталғаны айтылды. Сонымен қатар «Рафах» бригадасының командирі Мохаммед Шабананың да қаза тапқаны хабарланған. Алайда ол уақытта ХАМАС бұл ақпараттарға түсініктеме бермеген еді.
Айта кетейік, бұған дейін Газаның оңтүстігінде ХАМАС-қа қарсы күштердің көшбасшысы Ясир Абу Шабаб қаза тапқан еді.
Ал АҚШ сенаторы ХАМАС пен Хезболланың қайта қаруланып жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ Израиль Газа секторындағы су құдықтарының 90%-ін қиратқанын жаздық.