ХАМАС Газа секторында ұзақмерзімді бітімгершілік туралы жаңа келісімге қол жеткізілгендігін жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палестина билігі мен ХАМАС қозғалысының өкілдері Израильмен Газа секторында ұзақмерзімді бітімгершілік туралы жаңа келісімге қол жеткізгендіктерін жария етті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
None
None

«Екі тарап арасында келісімге қол жеткізілді және біз бітімгершіліктің жүзеге асырыла бастау мерзімін анықтау үшін Каирден хабар күтіп отырмыз», - деп мәлімдеді ХАМАС өкілі Сами Абу Зухри.

Палестиндік дереккөздің ақпаратына қарағанда, келісім екі тараптан да ұрыс қимылдарын тоқтатуды, сонымен бірге Израиль тарабынан Газа секторындағы тосқауылдың жеңілдетілуі қарастырылады. Алайда, бұл ақпаратты израиль тарабы әзірше қуаттап отырған жоқ.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, бүгін кешқұрым келісімнің толық мән-жайын Палестина көшбасшысы Махмуд Аббас жария ететін болады.

Соңғы жаңалықтар