09:07, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Хамас» Газа секторының шекарасын ашу шартымен Израильге бір жылдық бітім ұсынды
ГАЗА СЕКТОРЫ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Газа секторындағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөзде «Хамас» делегациясы анклавтың шекарасын ашу шартымен Израильмен бір жылдық бітім жасау туралы ұсыныс жасады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне агенттігіне сілтеме жасап.«Хамас» өкілі Айман Таханың журналистерге мәлімдеуінше, оның делегациясы шекараны жартылай ашып, бір жарым жылға бітім жасау туралы Израиль жоспарына осындай ұсыныс жасады. «Хамас» делегациясы Израильдің ұсынысын қабылдаған жоқ, деп хабарлайды Associated Press агенттігі. А.Таханың айтуынша, палестиналық келіссөзге қатысушылар бір жылдық бітім туралы нұсқаны Дамаскідегі (Сирия) «Хамастың» саяси бюро басшылығымен талқылауы керек.